+7(707) 37 19 019
Меню
Талаққа қатысты үш сұрақ Абдусамат ҚАСЫМ

- Сәләметсіз бе! Неке куəлігі жыртылып қалса, не болады? Талақ болып есептелмей ме? - Сәлеметсіз бе! Неке күәлігінің жыртылуы – талақ емес. Талақ мына жағдайларда жүзеге асады, қысқаша айтып өтелік: Ері әйеліне ашық талақ сөзін немесе ауыспалы мағынасы бар сөздерді (ажырасу мағынасына да, өзге мағынаға да қолданылуы мүмкін ауыспалы сөздерді) айтса (ауыспалы мағынасы бар сөздерде ниет маңызды) Сот жүзінде ажырасқан жағдайда; Белгілі ақыға ері әйеліне талағын берген болса (мұны шариғатта «хұлғ» дейді, одан туындаған талақ "кіші байын талақ" ретінде есептеледі). Ері әйеліне өз-өзін талақ ету құқын берген болса (мұны шариғатта «Тәфуизи талақ» дейді). Муғаллақ талақта (Болашақтағы бір істің жүзеге асуына байланыстырылып айтылған талақты «муғалләқ талақ» дейміз. Ғалымдардың көпшілігі «муғалләқ талақтағы» іс орындалған жағдайда талақ та жүзеге асады деген. Әйтседе, талақтың бұл түрінде сол сәттегі ниет маңызды деген дін ғалымдары да жоқ емес). - Некелесем деп уәделескен қызға «басқа біреуді тауып ал» деп айтқан едім. Ол сөзім талаққа жата ма? - Талақ тек некелі жарына айтылады. Арада неке жоқ бөтен әйелге айтылған талақ – талақ емес. Арада неке болмағандықтан «талақтың» үкімдері сіздерге жүрмейді. Болашақта үйленеміз деген уәделеріңізді қайта қалпына келтіруге құқылысыздар. Мұны шариғатта «хитба» дейді. Хитбаға қатысты өз алдына үкімдер реттелген. Ол жайында төменде көрсетілген сілтемеге кіріп, толық мәлімет алуыңызға болады[1]. - Әссәләмуғалейкум! Мен жолдасыммен ұрысып қалдым. Қызғаныш себепті. Ұрысып жатып «кетемін» деген едім, күйеуім: «Кеткің келіп жүрсе, кет. Кет, жүгір!» деді. Енді арамыз не болды? Талақ болып кеткен жоқ па? - Уағалейкум әссәләм! Талақ болған жоқ. Жолдасыңыздың «кет, жүгір» сөзінің астарында «Кете алсаң, кет. Бәрібір кете алмайсың» дегендік жатыр. Бұл – талаққа жатпайды. Ең дұрысы – Аллаға аян!


1135 рет оқылды    04-07-2017