Сәлеметсіз бе! "Әйел алтын қазық" тіркесінде айтылмақ болған ой - әйел адамның отбасыдағы рөлі. Яғни, отбасылық өмірде шаңырақ шайқалмай, өз жалғасын таба алуы әйел адамның даналығымен тікелей байланысты. "Әйел - отбасының ұйытқысы" деген нақыл сөз де осы орайда айтылған деп ойлаймын. Егер әйел сезіміне берілмей, ақылмен, даналықпен әрекет етсе, ерін де, отбасысын да жарастырып ұстар еді. "Әйел ашуланса, жеңіледі; еркелесе, жеңеді" деген қағиданы ұстанып өтуді ұсынамыз.