+7(707) 37 19 019
Меню
Қыз бен жігіттің арасында шынайы достық бола ма?

Қыз бен жігіттің арасында шынайы достық болады дегенге өз басым сене қоймаймын. Себебі, олардың жаратылыс ерекшеліктерін ескерсек, олар бір-біріне дос болу үшін емес, жар болу үшін жаратылған. Олар бастапқыда дос болып бастағанымен уақыт өте сезімдері өзгеріске ұшырап, ғашықтар қатарына қосылып кететін жайттар жиі кездеседі. Тіпті олар ғашықтар қатарына қосылмаса да, бас қоспай дос болып қала береміз десе де, өмірде оның кейбір қиыншылықтары болуы әбден мүмкін. Атап айтар болсақ, олар (қыз немесе жігіт) болашық жарының бойынан сол "жан досыныдағы" қасиеттерді іздері анық. Сол қасиеттерді таба алмаған кезінде (таба алмау ықтималдығы өте жоғары) отбасының шырқы бұзылып, ыдыс-аяқ жиі сылдырлауға бастайды. Сонымен қатар, болашақ жары "жан досымен" араласуына қарсы болары сөзсіз. Өйткені, ешкім өзінің жарының махаббатын басқалармен бөліскісі келмейді (достық махаббаты болса да). Бұл әрекет қазірге дейін бірге "жан дос" болып бірге жүрген "достарға" оңай тимесі де хақ. Бұл қарым-қатынас та ыдыс-аяқтың жиі сылдырлауына себеп болып, ажырасуға дейін апаруы мүмкін. Сондықтан да, үйленер алдындағы қыз бен жігіт қарым-қатынасын байқау керек. Қазіргі немқұрайды қарап жүрген әрекеттеріміз ертең бақытты отбасы құруымызға өз кедергін тигізуі әбден мүмкін.


1446 рет оқылды    31-03-2017