+7(707) 37 19 019
Меню
Қыз бала неше жасында тұрмыс құруы керек? Неше жастан бастап "кәрі қыз" атанады?

Негізінде, қатып қалған жас жоқ. Өмір заңдылығы, қоғамдағы өзгерістерге байланысты ауысып отырады. Ең бастысы, биологиялық жасқа ғана қарамай, руxани жасқа қарау керек. Яғни, "руxани тұрғыдын тұрмыс құруға, жар, ана болуға, бала тәрбиелеуге дайынмын ба?" деген сұрақ ойландыруы керек. Сондықтан да, тұрмыс құру жасы әр қызда әртүрлі болады. Ал, "кәрі қыз" ұғымы да қоғамымыздың ойлап тапқан түсінігі. Тұрмыс құру немесе құра алмау ол Аллаһтың бұйыртқанына байланысты нәрсе. Сондықтан да, "кәрі қыз" ұғымымен келіспеймін. Негізінде, орта қысым жасамауы керек. Өйткені, сол қысымдар тұрмыс құра алмаған қызды депрессияға ұшыратуда, қоғамнан алшақтап жеке өмір сүруге итермелеуде. Ең қорқыныштысы, асығыс шешім қабылдап, "от басуына" себеп болуда.


1716 рет оқылды    29-03-2017