+7(707) 37 19 019
Меню

Балалы үй базар

...

Шашылып жатқан үй үйде қызыққа толы өмірдің бар екенінің белгісі. Аталарымыз "балалы үй базар" деп босқа айтпаса керек. Жиһаз сататын дүкендер секілді жинақы, "шашылуға" рұқсат етілмейтін үйде бақытты бала өсіп шықпайды. Барлық нәрсе тек қана өз орнында тұратын, қозғалтып ойнауға тиым салынған үйлерде маxаббаттың кем екенін айтуға болады.

Балаларыңыздың үйде емін-еркін ойнауына, қиялға беріліп ләззат алуына жағдай жасаңыз.

Жиһаздың ескіруі сізді қатты алаңдатпасын, ескірсе жаңасын аларсыз. Алайда, бала тәрбиесінде жіберген қателіктеріңіз өмір бойы оларды да, сізді де ренжітеді. Кейбір нәрселерді қалпына келтіру өте қиын.

Шашылса жинарсыз, кірленсе тазаларсыз. Ертең сол үйіңіздің шашылуын, үйдегі балаларыңыздың шуын сағынышпен іздейсіз. Сондықтан да, бүгінгі күніңіздің қадірін біліңіз, ертең бармағыңызды шайнап, өкініп қалмаңыз!

Елжас Ертайұлы
«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы
Instagram: @yelzhas_ertaiuly_kenesshi



189    15-06-2017


ЕЛЖАС ЕРТАЙҰЛЫ

...

Елжас Ертайұлы 1984 жылы 30 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Балалық шағы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шырғанақ ауылында өтті. Алғаш мектеп табалдырығын Шырғанақ орта мектебінде аттады. Шырғанақ орта мектебінде 6 жыл оқығаннан кейін 7-сыныптан бастап Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы А.Мәлкеев атындағы дарында балаларға арналған мектеп-интернатында білімін жалғастырды. Мектепті қызыл аттестатқа тәмамдаған Елжас Ертайұлы Республикалық пән олимпаидаларының облыстық кезеңінің үш дүркін жеңімпазы.

Университетті Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде оқыды. Студенттік өмірінде педагогикалық тәжірибе жинақтау мақсатында өзі оқыған лицейде 4 жыл практикант-тәрбиешілік қызметін атқарды. 4 жыл көлемінде 7-11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен тығыз жұмыс істеуі алдағы өмірінде айтарлықтай көмегін тигізді.

2006 жылы университетті аяқтағаннан кейін педагогикалық өміріне алғашқы қадамын жасады. Педагогикалық өмірін Қостанай облысы, Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында бастады. Қостанайдағы педагогикалық өмірі айтарлықтай жеміске толы болды деуге болады. Дайындаған оқушылары Республикалық, Халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындар алды. Еңбегін ескерген облыс әкімі Сергей Кулагин арнайы алғыс хат табыстап, марапаттады.

2011 жылы магистратураны аяқтады.

Қостанайда 2006-2011 жж. аралығында 5 жыл қызмет атқарғаннан кейін Астана қаласында жеке білім беру орталығында қызметін жалғастырды.

2014 жылы өзі жеке кәсібін бастады. Алғаш бастаған кәсібі - "Жас Маман" білім арттыру және маман жетілдіру орталығы. 2015 жылы бағытын сәл өзгертіп, "ЖасКО" жастарға кеңес орталығының негізін қалады.

2015 жылы "ЖасКО" жастарға кеңес орталығының бөлімшесі ретінде ашылған "Бақытты отбасы" отбасылық кеңес орталығында отбасылық кеңесші ретінде жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда отбасылық кеңестер беру, арнайы семинар-тренингтер өткізумен шұғылданып келеді.

Қазақстанның 13 қаласында 200-ден астам семинар өткізді. Тек қана қалалы жерлерде емес аудан орталықтары мен ауылдық округтерде де семинар өткізді.

2017 жылдың отбасы күніне орай ҚР Бас Прокуратурасымен бірге еліміздің прокурорларына арнап семинар өткізді.

"Хабар" арнасындағы "Жаңа күн" бағдарламасының тұрақты сарапшысы. Ұлттық арнадағы "Ене мен келін" реалити шоуында қазылар алқасында болды. Сонымен қатар, "Айтуға оңай", "Пендеміз ғой" секілді бағдарламаларда да сарапшы болды.

2017 жылдың қазан айында ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының шешімімен "Халықаралық байқаулар лауреаты" төс белгісімен марапатталды.

Үйленген, екі баланың әкесі.

6381    08-11-2017