+7(707) 37 19 019
Меню

ҰЛ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА

...

 Ұлыңызды шектен тыс қорғаштамаңыз.
 3 жастан кейін ұлыңызды қойныңызға алып жатпаңыз. Бұл әрекетіңіз ұлыңыздағы батылдық сезімі мен өз-өзіне сенімін жояды.
 Ұлыңызға арқа сүйемеңіз. «Менің сүйенішім», «мені бағады», «өмірімнің мәні» секілді сөздеріңіз ұлыңызға өте ауыр жүк жүктеп, белгілі бір уақыттан кейін «мен анама лайық емеспін» деп жеткіліксіздік сезіміне душар болады.
 «Мен сенің бақытың үшін осыншама күш жұмсап жүрген болсам, сен бақытты болуға мәжбүрсің» деген сөздеріңізбен ұлыңызға қысым жасамаңыз.
 Ешқашан ұлыңызбен одақтас болып жұбайыңызды шеттетпеңіз. Ұлыңызды әкесінен алыстату арқылы оны өмірінде үлгі алатын моделінен айыратыныңызды ұмытпаңыз!
 Ұлыңызға қызметші бола көрмеңіз. Әр қалауын орындау арқылы әйелді қызметші ретінде көруіне себепші болмаңыз. Ұлыңызды өз ісін өзі істеуіне бейімдеңіз.

Елжас Ертайұлы
«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы
Instagram: @yelzhas_ertaiuly_kenesshi
https://www.facebook.com/yelzhasyertaiuly
https://www.facebook.com/kenesshiyelzhas



433    06-06-2017


ЕЛЖАС ЕРТАЙҰЛЫ

...

Елжас Ертайұлы 1984 жылы 30 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Балалық шағы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шырғанақ ауылында өтті. Алғаш мектеп табалдырығын Шырғанақ орта мектебінде аттады. Шырғанақ орта мектебінде 6 жыл оқығаннан кейін 7-сыныптан бастап Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы А.Мәлкеев атындағы дарында балаларға арналған мектеп-интернатында білімін жалғастырды. Мектепті қызыл аттестатқа тәмамдаған Елжас Ертайұлы Республикалық пән олимпаидаларының облыстық кезеңінің үш дүркін жеңімпазы.

Университетті Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде оқыды. Студенттік өмірінде педагогикалық тәжірибе жинақтау мақсатында өзі оқыған лицейде 4 жыл практикант-тәрбиешілік қызметін атқарды. 4 жыл көлемінде 7-11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен тығыз жұмыс істеуі алдағы өмірінде айтарлықтай көмегін тигізді.

2006 жылы университетті аяқтағаннан кейін педагогикалық өміріне алғашқы қадамын жасады. Педагогикалық өмірін Қостанай облысы, Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында бастады. Қостанайдағы педагогикалық өмірі айтарлықтай жеміске толы болды деуге болады. Дайындаған оқушылары Республикалық, Халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындар алды. Еңбегін ескерген облыс әкімі Сергей Кулагин арнайы алғыс хат табыстап, марапаттады.

2011 жылы магистратураны аяқтады.

Қостанайда 2006-2011 жж. аралығында 5 жыл қызмет атқарғаннан кейін Астана қаласында жеке білім беру орталығында қызметін жалғастырды.

2014 жылы өзі жеке кәсібін бастады. Алғаш бастаған кәсібі - "Жас Маман" білім арттыру және маман жетілдіру орталығы. 2015 жылы бағытын сәл өзгертіп, "ЖасКО" жастарға кеңес орталығының негізін қалады.

2015 жылы "ЖасКО" жастарға кеңес орталығының бөлімшесі ретінде ашылған "Бақытты отбасы" отбасылық кеңес орталығында отбасылық кеңесші ретінде жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда отбасылық кеңестер беру, арнайы семинар-тренингтер өткізумен шұғылданып келеді.

Қазақстанның 13 қаласында 200-ден астам семинар өткізді. Тек қана қалалы жерлерде емес аудан орталықтары мен ауылдық округтерде де семинар өткізді.

2017 жылдың отбасы күніне орай ҚР Бас Прокуратурасымен бірге еліміздің прокурорларына арнап семинар өткізді.

"Хабар" арнасындағы "Жаңа күн" бағдарламасының тұрақты сарапшысы. Ұлттық арнадағы "Ене мен келін" реалити шоуында қазылар алқасында болды. Сонымен қатар, "Айтуға оңай", "Пендеміз ғой" секілді бағдарламаларда да сарапшы болды.

2017 жылдың қазан айында ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының шешімімен "Халықаралық байқаулар лауреаты" төс белгісімен марапатталды.

Үйленген, екі баланың әкесі.

8470    08-11-2017