+7(707) 37 19 019
Меню

Әкенің өкініші

...

Сақтап қойыңыз да, өз балаңызға даусыңызды көтергіңіз келген кезде қайта оқыңыз.
«Құлақ сал, ұлым. Бұл сөздерді сен ұйықтап жатқанда айтып жатырмын; Сен кішкентай қолыңды жастанып, қырыңнан жатырсың, ал сап-сары шаштарың терлеген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен өзім тыныш ғана бөлмеңе жасырын кірдім. Бірнеше минут бұрын жұмыс бөлмемде газет оқып отырып, мені үлкен өкініш толқыны тербеді. Мен сенің төсегіңе өз кінәмді толық сезініп келіп отырмын.
Көңіл-күйім болмаған кезде ашуымды сенен алғанымды ойлап қатты тебірендім. Сен мектепке бару үшін киіне бастаған кезіңде,заттарыңды жинай бастағанда,әрқашан , саған тағар мін таптым. «Өз аяқ-киіміңді тазаламапсың» деп кінәрат іздедім. «Киімдеріңнің біреуін еденге тастап кеттің» деп дауыс көтеріп, айғайлағаным есімнен кетер емес. Таңғы аста да саған тиісетін нәрселер таптым: «шайыңды төктің; тамақты дұрыс шайнамадың; маңдайыңды столға қойдың; нанға майды өте баяу жақтың т.б»
Кейін сен ойнауға бара жатқанда, мен поездге асығып бара жатыр едім. Сен бұрылып,қолыңды бұлғап: «Әкешім сау болыңыз!» деп айғайладың. Мен болсам, соған қабағымды шытып: «Жағаңды түзе» деп жауап бердім.
Сонымен, жұмыс күнінің аяғында бәрі қайта басталды. Үйге келе жатып, жерге тізерлеп отырып алып шармен ойнап оытрғыныңды байқадым.Сенің шұлықтарың жыртылып қалған екен. Сені алдыма салып алып үйге әкелу арқылы жолдастарыңның алдында ұятқа қалдырдым. Шұлық бағалы еді, егер сен оны өз ақшаңа сатып алғаныңда, сен абай болар едің!
Жұмыс бөлмемде газет оқып отырғанда бөлмеге келгенің есіңде ме? Газеттен көзімді алып, маған кедергі келтірдің дегендей ашулы көзбен қараған кезімде не істеріңді білмей кіре-берісте тұрып қалып едің ғой. «Саған не керек?» деп дөрекі сұраған едім. Сен жауап бермедің, жүгіріп келіп мойныма асылдың да, бетімнен сүйіп-сүйіп алдың. Сенің қолың мойнымды махаббатпен қысып құшықтап тұр еді. Аллаһ тарапынан жүрегіңе орналастырылған бұл махаббатты менің саған деген ұнамсыз қарым-қатынасым да жоя алмап еді. Одан кейін аяғыңды баяу басып, бөлмеден шығып кеттің.
Міне, осыдан кейін, ұлым, газет қолымнан түсіп, мені түсініксіз қорқыныш сезімі баурады. Менің әдеттерім мені қандай жағдайға түсірген? Кнәлау, мін іздеу әдетім сенің кішкентай бала екеніңді ұмыттырып жіберіпті. «Сені жақсы көрмедім» деп айта алмаймын. Басты проблема сенен өте көп нәрсе күтуім және өзімнің жасыма сай талаптар қоюуым еді.
Ал, сенің бойыңда өте тамаша, керемет мінездерің көп. Кіп-кішкентай жүрегің мейірімге толы. Бұны мен ұйқыға кетер алдында мойнымы асылып, бетімнен сүйген кезіңде байқадым.
Мен сенің төсегіңе қараңғыда, ешкімге көрінбей , жасырын келдім. Алдыңа тізе бүгіп отырмын. Бұл менің айыбымды жуу әрекетім десе де болады. Бұның бәрін сен ояу кезде айтсам, бұларды түсіне алмайтыныңды білемін. Бірақ, ертеңнен бастап мен НАҒЫЗ ӘКЕ боламын! Мен сенімен достасып, бірге ойнаймын. Сен қайғырғанда бірге қайғырып, қуанғанда бірге қуанамын. Аузымнан сені кінәлайтын, ұнамсыз сөз шығарда тілімді тістесемде өзімді тоқтатамын. Әрқашан өзіме ант беру секілді «Ол әлі кішкентай бала ғой» деген сөзді жиі қайталайтын боламын.
Мен саған үлкен жігіт секілді қараппын. Ал, қазір саған қарасам, сенің әлі кішкентай бала екеніңді байқадым. Кеше ғана анаңның құшағында сәби едің ғой, мен сенен көп нәрсе талап еткен екенмін...

Аударған: Елжас Ертайұлы
«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы



214    22-05-2017


ЕЛЖАС ЕРТАЙҰЛЫ

...

Елжас Ертайұлы 1984 жылы 30 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Балалық шағы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шырғанақ ауылында өтті. Алғаш мектеп табалдырығын Шырғанақ орта мектебінде аттады. Шырғанақ орта мектебінде 6 жыл оқығаннан кейін 7-сыныптан бастап Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы А.Мәлкеев атындағы дарында балаларға арналған мектеп-интернатында білімін жалғастырды. Мектепті қызыл аттестатқа тәмамдаған Елжас Ертайұлы Республикалық пән олимпаидаларының облыстық кезеңінің үш дүркін жеңімпазы.

Университетті Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде оқыды. Студенттік өмірінде педагогикалық тәжірибе жинақтау мақсатында өзі оқыған лицейде 4 жыл практикант-тәрбиешілік қызметін атқарды. 4 жыл көлемінде 7-11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен тығыз жұмыс істеуі алдағы өмірінде айтарлықтай көмегін тигізді.

2006 жылы университетті аяқтағаннан кейін педагогикалық өміріне алғашқы қадамын жасады. Педагогикалық өмірін Қостанай облысы, Қостанай қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында бастады. Қостанайдағы педагогикалық өмірі айтарлықтай жеміске толы болды деуге болады. Дайындаған оқушылары Республикалық, Халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындар алды. Еңбегін ескерген облыс әкімі Сергей Кулагин арнайы алғыс хат табыстап, марапаттады.

2011 жылы магистратураны аяқтады.

Қостанайда 2006-2011 жж. аралығында 5 жыл қызмет атқарғаннан кейін Астана қаласында жеке білім беру орталығында қызметін жалғастырды.

2014 жылы өзі жеке кәсібін бастады. Алғаш бастаған кәсібі - "Жас Маман" білім арттыру және маман жетілдіру орталығы. 2015 жылы бағытын сәл өзгертіп, "ЖасКО" жастарға кеңес орталығының негізін қалады.

2015 жылы "ЖасКО" жастарға кеңес орталығының бөлімшесі ретінде ашылған "Бақытты отбасы" отбасылық кеңес орталығында отбасылық кеңесші ретінде жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда отбасылық кеңестер беру, арнайы семинар-тренингтер өткізумен шұғылданып келеді.

Қазақстанның 13 қаласында 200-ден астам семинар өткізді. Тек қана қалалы жерлерде емес аудан орталықтары мен ауылдық округтерде де семинар өткізді.

2017 жылдың отбасы күніне орай ҚР Бас Прокуратурасымен бірге еліміздің прокурорларына арнап семинар өткізді.

"Хабар" арнасындағы "Жаңа күн" бағдарламасының тұрақты сарапшысы. Ұлттық арнадағы "Ене мен келін" реалити шоуында қазылар алқасында болды. Сонымен қатар, "Айтуға оңай", "Пендеміз ғой" секілді бағдарламаларда да сарапшы болды.

2017 жылдың қазан айында ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының шешімімен "Халықаралық байқаулар лауреаты" төс белгісімен марапатталды.

Үйленген, екі баланың әкесі.

6380    08-11-2017