+7(707) 37 19 019
Меню

ҚОШ БОЛ, 2019 !!!

...

Оқырмандарыма есеп бере бастағаныма 4 жыл болыпты. Ең алғаш 2016 жылы оқырмандарыма есеп берген едім. Алдыңғы 3 жылдың есебін менің әлеуметтік желі парақшаларымнан таба аласыздар.

Бүгін желтоқсанның 31-і , 2019 жылдың соңғы күні. Мен үшін бұл күн өткен жылыма есеп беріп, алдағы бір жылыма жоспар жасайтын ерекше күн болып есептеледі. Өз басым жаңа жылды тек осы мақсатта қолданамын.

Сіздермен өте маңызды жаңалығымды бөлісуден бастайын. «Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығына 5 жыл толды. 5 жыл деген аз уақыт болып көрінгенімен, осы бір аз уақыттың ішінде орталығымыз айтарлықтай үлкен жобаларды іске асырып, қоғамдағы өз орнын белгілеп алды деп ойлаймын. Көптеген отбасыға жәрдемі тиген шығар деп үміттенемін.

Орталығымыз 2019 жылы оффлайн семинардан гөрі онлайн режимде жұмыс істеуге көбірек бағытталған болатын. Сабақтарымызды бастапқыда инстаграмдағы тікелей эфир арқылы жүргізіп келгенбіз. Бірақ, оның өзіне тән қиыншылықтары бар екені жасырын емес. Атап айтар болсақ, 24 сағат қана сақталуы, интернет әлсіздігіне байланысты сапалы эфир жүргізе алмау және кейбір кісілердің инстаграм қолданбауы деуге болады. Осы проблеманы шешу мақсатында otbasy.online деген өзіміздің платформамызды дайындыдық.

otbasy.online платформасы наурыз айынан бастап іске қосылды. Алғашқы айлар тесттік режимде жұмыс істегендіктен кейбір қиындықтар болды. Сайттың баяу жұмыс істеуі, тіркелудегі қиындықтар арқылы оқырмандарымды сәл шаршатқанымды мойындаймын және олардан кешірім сұраймын. Ал, қазір ол проблемалардың бәрі шешілді. Сайт өте жоғарғы деңгейде қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда сайтымызда 7 онлайн курс дайын тұр, қалаған уақытыңызда көре берсеңіз болады. Сонымен қатар, тегін видео кеңестерді де жүктеп қойдық. Бір апта бұрын сайтымызда онлайн кітап дүкені ашылды. Енді сайтымызда кітаптарды онлайн оқи алатын боласыз. Қазірше тек қана «Баланы жазасыз тәрбиеле» кітабы ғана қойылды. Алдымыздағы жылы кітаптар санын арттырамыз деген жоспарымыз бар.

2019 жылдың алғашқы жартысы ұтысқа толы болды. Біздің курстарымызға қатысқан оқырмандар арасында 4 iPhone X, Samsung Galaxy 10 және 250 000 теңге ойнатылған болатын. Менің тағы бір үлкен қателігім, осы ұтыс ойнатылған онлайн сабақтарға қатысушылардың соңғы 4 сабағын қатты кешіктіріп жібердім. 3 сабақты жақында сайтқа жүктедім, 1 сабақ әлі жүктелмеді. Алла қаласа, жаңа жыл мейрамынан кейін дереу жүктейтін боламын. Осы айыбымның қайтарымы ретінде ол кісілердің сабақтары жеке кабинеттерінен өшірмеймін, қалаған уақытында қайталап көре алатын болады.

2020 жылында бізге 5 жыл толуына орай осы жылды «оффлайн семинар» жылы деп атадым. Алла күш-қуат берсе бүкіл Қазақстанды аралап семинар өткізбекпін. Қазірдің өзінде 5 қалаға семианар жоспарланып қойды.

2019 жылы онлайн курстардан бөлек онлайн марафондар жүргіздім. Бірақ қоғамда марафон деген нәрсе көбейіп кеткендіктен 2019 жылдың күзінде марафондарды тоқтатып, «Бақытты бала» академиясын аштық. Бұл академияда 1 жыл бойы онлайн курс өткізілуде. Қазір 3 топпен жұмыс істеп жатырмыз. 2020 жылдың ақпан айында жаңа топ ашуды жоспарлаудамыз.

2019 жылдың ең басты жаңалығы – «Empathy academy» тұлға дамыту орталығын ашуым болды. Тамыз айынан бастап осы орталықты өзіме қосымша жоба ретінде алдым. Бұл орталықта 1-17 жас аралығындағы балаларды тануға және оларды дамытуға көмектесеміз. Орталығымыз жайлы толық ақпарат алғыңыз келсе, @empathy.academy инста парақшасына жазылуды ұсынамын.
Жылдың соңына қарай орталығымыз тағы бір жобамен толықты. Қыз-келіншектерге арналған «SafARU» жобасы арқылы 2020 жылы қызықты әрі пайдалы өтеді деп сенемін.

«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы 2016 жылдың 30-маусымы күні «Күнделікті What`s app кеңестері» деп аталатын әлеуметтік жобасын бастаған еді. Жоба аясында жар таңдау, жұбайлар арасы қарым-қатынас, отбасылық құндылықтар және бала тәрбиесі секілді тақырыптарда күнделікті тегін кеңестер таратылуда. Жобаның ең тартымды жағы – оқырмандарымыз өздерін мазалап жүрген сұрақтарын жеке сұрай алуы. Бұл конференция емес, кеңестер әр оқырманға жеке барады. Басталғанына 3,5 жылдай аз уақыт болғанына қарамастан, қазіргі таңда, 10000-ға жуық оқырманы бар. Оқырмандарымыздың қызығушылығы өте жоғарғы деңгейде. Сіз де ол жобаға қосыла аласыз. Қосылу үшін 87086792059 нөмеріне уатсапқа «кеңеске қосылғым келеді» деп жазып жіберуіңіз жеткілікті.

Сонымен қатар, Телеграмда да өз каналым жұмыс істеп тұр. Сізді де қосылуға шақырамыз!

Оқырмандарымыздың сұрауымен ашылған «Бақытты отбасы кітапханасы» жобасына да 2,5 жыл уақыт болыпты. Бұл біз ұсынатын кітаптар тізімі. Қазіргі таңда біздің кітапханамызда 200-ден астам кітаптың түрі бар. Біз кітаптарды ұсынып қана қоймаймыз, сонымен қатар үйлеріне жеткізіп беру қызметін де ұсынамыз. Қазірге дейін Қазақстанның түкпіріндегі ауылды жерлерге дейін кітаптар жеткізіп келдік. Сонымен қатар, семинарларымызға қатысушылар да қалаған кітабын таңдап алу мүмкіндігіне ие болуда.

Біздің орталықтың кітапханасы осы жылы 4 кітаппен толықты. Олар қазақ, орыс, қырғыз тілдерінде жарық көрген «Баланы жазасыз тәрбиеле» кітабы мен «Ата-ана болу да өнер» атты қазақ тілінде жарық көрген тұңғыш саммари кітап. Негізінде, 5-кітабымыз да 2019 жылы дайын болған еді, өкінішімізге қарай, типографиядан басылып үлгермеді. Алла қаласа, қаңтар айының ортасында «Баланы тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле» атты кітабымыз жарық көреді.

«Елжас Ертайұлы» деп аталатын өзімнің жеке YouTube каналыма да 2,5 жылдай уақыт болып қалыпты. Ол жерде телеканалдарда берген сұхбаттарымды, Инстаграмда тікелей эфирде сұрақтарға жауап берген видео кеңестерімді және арнайы тақырып бойынша түсірілген видео кеңестерімді бөлісудемін. Осы жылы әр сейсенбі күндері бала тәрбиесіне арналған қысқа кеңестер таратып келеміз. Сонымен қатар, «Ой атайық» деп аталатын керемет жобамыз да іске қосылды. 2020 жылы Ютуб каналымда жаңа айдарлар қосылады деп жоспарлануда.

Әлеуметтік желі парақшаларында да айтарлықтай белсенді жұмыс істелді деп айта аламыз. Қазіргі таңда Инстаграм желісіндегі оқырмандарымыздың саны 46000-нан асты.

Қысқа қайырғандағы біздің 1 жылдық есебіміз осы деуге болады. Алдағы 2020 жылға арналған ауқымды жобаларымыз бен дайындап отырған тосын сыйларымыз бар.

Керемет жобалар сізді күтуде. Оларды жақын арада жариялаймыз.
Егер менің 2020 жылғы жоспарыммен танысқыңыз келсе, телеграм каналыма жазылыңыз. Қаңтардың алғашқы аптасы өзімнің жоспарымды телеграм каналымда бөлісемін. Телеграм каналым: @yelzhas_ertaiuly
Жаңа жылда баршаңызға бақ-береке, бақыт, зор денсаулық тілеймін! Бақытты отбасыларымыз көп болсын!

ҚОШ БОЛ, 2019 !!! ҚОШ КЕЛДІҢ, 2020!!!
Ізгі тілекпен, отбасылық кеңесші, тәжірибелі кеңесші, коуч-тренер ЕЛЖАС ЕРТАЙҰЛЫ.





1106 рет оқылды    31-12-2019