+7(707) 37 19 019
Меню

ҚОШ БОЛ, 2018 !!!

...


Осыдан үш жыл бұрын оқырмандарыма есеп беру дағдысын бастаған едім. Міне, үшінші жыл өз есебімді дайындап отыр екенмін. Бүгін желтоқсанның 31-і , 2018 жылдың соңғы күні. Мен үшін бұл күн өткен жылыма есеп беріп, алдағы бір жылыма жоспар жасайтын ерекше күн болып есептеледі.

Сонымен, ең бастысы, «Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығына 4 жыл толды. 4 жыл деген аз уақыт болып көрінгенімен, осы бір аз уақыттың ішінде орталығымыз айтарлықтай үлкен жобаларды іске асырып, қоғамдағы өз орнын белгілеп алды деп ойлаймын.

Орталығымыздың ашылғанына 4 жыл толуына байланысты өзіміздің оқырмандарымызға арнап керемет сыйлықтар дайындадық. Атап айтар болсақ, алдымыздаңы жылдың ақпан айында өтетін курсымызға қатысушыларға 4 iPhone X және 50 қосымша сыйлық сыйламақпыз. Әрине, осымен шектелмейміз, алдымыздағы жыл сыйлыққа толы жыл болады деп жоспарлаудамыз.

Бұл жылы мамыр айына дейін ғана оффлайн семинарлар өткіздік. Мамыр айынан бастап онлайн марафондар мен онлайн курстарға көбірек көңіл бөле бастадық. Жалпы оффлайн семинар өткізген осы 5 ай ішінде 3204 адамға 85 семинар өткізіппіз. Орташа есеппен бір семинарға рташа есеппен бір семинарға 37 адам десек болады. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда 68 пайызға өскен екен.

Ал, енді онлайн марафонға келер болсақ, 7 айдың ішінде 1736 адамға 19 онлайн марафон өткізген екенбіз. Бұнымен қатар, 367 адамға 2 онлайн курс өткіздік. Онлайн курстың марафоннан ерекшелігі марафондар қысқа мерзімге жоспарланса, курстар 2-3 айға жоспарланады. Құдай қаласа, 2019 жылды «онлайн курстар» жылы деп атап, онлайн режимге ерекше көңіл бөлгіміз келіп отыр.

«Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы 2016 жылдың 30-маусымы күні «Күнделікті What`s app кеңестері» деп аталатын әлеуметтік жобасын бастаған еді. Жоба аясында жар таңдау, жұбайлар арасы қарым-қатынас, отбасылық құндылықтар және бала тәрбиесі секілді тақырыптарда күнделікті тегін кеңестер таратылуда. Жобаның ең тартымды жағы – оқырмандарымыз өздерін мазалап жүрген сұрақтарын жеке сұрай алуы. Бұл конференция емес, кеңестер әр оқырманға жеке барады. Басталғанына 2,5 жылдай аз уақыт болғанына қарамастан, қазіргі таңда, 7000-ға жуық оқырманы бар. Оқырмандарымыздың қызығушылығы өте жоғарғы деңгейде. Сіз де ол жобаға қосыла аласыз. Қосылу үшін 87086792059 нөмеріне уатсапқа «кеңеске қосылғым келеді» деп жазып жіберуіңіз жеткілікті.

Сонымен қатар, Телеграмда да өз каналым жұмыс істеп тұр. Сізді де қосылуға шақырамыз!

Оқырмандарымыздың сұрауымен ашылған «Бақытты отбасы кітапханасы» жобасына да 1,5 жыл уақыт болыпты. Бұл біз ұсынатын кітаптар тізімі. Қазіргі таңда біздің кітапханамызда 200-ден астам кітаптың түрі бар. Біз кітаптарды ұсынып қана қоймаймыз, сонымен қатар үйлеріне жеткізіп беру қызметін де ұсынамыз. Қазірге дейін Қазақстанның түкпіріндегі ауылды жерлерге дейін кітаптар жеткізіп келдік. Сонымен қатар, семинарларымызға қатысушылар да қалаған кітабын таңдап алу мүмкіндігіне ие болуда. Құдай қаласа, алдымыздағы жылдың көктемінде кітапханамыз өзімнің жеке авторлық кітабыммен толығады. Авторлық кітабыма алдын ала тапсырыс қабылдап жатырмыз. Алғашқы кітабымды алғаш болып жеке қолтаңбаммен алғыңыз келсе, бізге хабарласыңыз.

«Елжас Ертайұлы» деп аталатын өзімнің жеке YouTube каналыма да 1,5 жылдай уақыт болып қалыпты. Ол жерде телеканалдарда берген сұхбаттарымды, Инстаграмда тікелей эфирде сұрақтарға жауап берген видео кеңестерімді және арнайы тақырып бойынша түсірілген видео кеңестерімді бөлісудемін. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап әр дүйсенбі күндері бала тәрбиесіне арналған қысқа кеңестер таратып келеміз. Бүгін 19.30-да кеңестеріміздің үшіншісін көре аласыз. Қазірге дейін жалпы 72 жүктеліпті. Осы видеоларымыз 114 692 ретте 350 217 минут көріліпті. Каналымызға жазылған тұрақты көрермен саны – 3412.

Әлеуметтік желі парақшаларында да айтарлықтай белсенбі жұмыс істелді деп айта аламыз. Қазіргі таңда Инстаграм желісіндегі оқырмандарымыздың саны 30000-ға жақындап қалды.

Бұл жылдың ерекше жобасы бойдақтарға арналған «Жар-жар» жобасы деп айтуға болады. Бұл жобамызға да бір жыл толды. Алғашқы жыл айналамызды барлау мен тұтынушыларымызды тану жылы болғандықтан айтарлықтай көзге көрінерлік нәтиже болмады. Нақты айтар болсақ, 6 жұп осы жоба арқылы отбасы құрды. Құдай қаласа, осы алдымыздағы жылы отбасы құратын жастар саны көбейе түседі деп үміттенемін.

Қысқа қайырғандағы біздің 1 жылдық есебіміз осы деуге болады. Алдағы 2019 жылға арналған ауқымды жобаларымыз бен дайындап отырған тосын сыйларымыз бар. Алғашқысы ақпанның ортасында болатын 4 айлық курсымыз. Осы курсымызда 4 айфон Х пен елу қосымша сыйлық ойнататын боламыз. Алғашқы ұтыс ертең кешке ойнатылады. Қатысу үшін дереу хабарласыңыз: 87086792059 (What`s app).

Басқа да керемет жобалар сізді күтуде. Оларды жақын арада жариялаймыз.
Жаңа жылда баршаңызға бақ-береке, бақыт, зор денсаулық тілеймін! Бақытты отбасыларымыз көп болсын!

ҚОШ БОЛ, 2018 !!! ҚОШ КЕЛДІҢ, 2019!!!

Ізгі тілекпен, отбасылық кеңесші, тәжірибелі кеңесші, коуч-тренер ЕЛЖАС ЕРТАЙҰЛЫ.





1291 рет оқылды    31-12-2018