+7(707) 37 19 019
Меню

АҚШ жастарды некеге дейінгі жыныстық қатынастан тыймақ

...

Әлемде некеге тұру жасы ұлғайған сайын, некеге дейінгі тазалықты сақтау мәселесі қиындап келеді.

Соңғы жылдары АҚШ жастарды некеге дейін жыныстық қатынастан тыю бағдарламаларына бөлінетін қаржыны ұлғайтқан. Бұл соманың жыл сайынғы көрсеткіші 90 млн долларға жетіпті. Бірақ Америка ғалымдары жастарға жыныстық қатынастың қыр-сырын үйрететін бағдарламалардың пайдасы жоқтығын айтады. Жыныстық жолмен қанша ауру жұқса да некеге кеш тұратын жастар үшін бұл насихат жұмыс істемейді.Тіпті оларды некеге дейін жыныстық қатынастан тыю мүмкін емес болып тұр. Өйткені америкалық жастар 16-18 жасында жыныстық қатынасқа түссе, отбасын отызға жақындағанда құрады.

Күні бүгін бұл мәселе барлық елдерді ойландырып отыр. Ресейде де некеге дейінгі тазалықты сақтауды құптайтындар саны артқан.

Дереккөз: life.ru



1208 рет оқылды    07-04-2018