+7(707) 37 19 019
Меню

БАЛАЛАР - БОЛАШАҒЫМЫЗ!

...

23-сәуір күні бала тәрбиесіне арналған "БАЛАЛАР - БОЛАШАҒЫМЫЗ!" атты бір күндік семинарымыз болып өтті. Бұл біздің орталықтың алғашқы тәжірибесі еді. Қазірге дейін 100-ден астам семинар өткізсек те, бір күн бойы бір аудиторияға бір тақырып аясында өткізіп отырған алғашқы семинарымыз болды. Алғаш рет өткізіп отырғандықтан ба, әлде біздің қоғамның бала тәрбиесіне көңіл бөлуінде сәл проблема бар ма, әйтеуір, бұл семинарға қатысушылар саны көңілімнен шықпады. Орталық ретінде үлкен дайындық жасап, қонақ үйден 100 адамдық залды жалға алып, дүркіретіп өткіземіз деп ойлаған едік. Алайда, залдың 25 пайызын да толтыра алмадық. Әрине, өкінішті. Бірақ, бұл бізді мойыта алмайды, алған бетімізден қайтара алмайды. Біз отбасы құндылықтарын насихаттап, дәріптеуден бас тартпаймыз!

Дегенмен де, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, саналы түрде бала тәрбиелеуге ұмтылған қатысушыларымыздың қызығушылығы мен белсенділігі көңіл қуантарлық. Сол қатысушыларымыздың ынтасы маған шабыт сыйлап, ерекше күш берді.

Ең қызығы, бала тәрбиесіне келе алмай жүрген жастарымызға қарағанда "немере тәрбиесі" деп келген әжелеріміздің әрекеті үлгі тұтарлық еді. Жастарымыз керемет әжелерімізден үлгі алар деп үміттенемін!!!



575 рет оқылды    24-04-2017