+7(707) 37 19 019
Меню

БО Кітапxанасы

...

"Бақытты отбасы" отбасылық кеңес орталығы өз оқырмандарын ЖАҢА ЖОБАМЕН қуантпақ.
Көпшіліктің сұрауы бойынша отбасылық кітаптар, аудио-видео кеңестер және мультфильмдер мен фильмдерді бір арнаға жинамақ ойымыз бар. Жиналған материалдарды алдағы уақытта Сіздермен бөліспекпіз.

Сондықтан да, Сізден өзіңіз білетін пайлалы құжаттармен бөлісуіңізді сұраймыз. Атын төменге жазып қалдыра аласыз немесе bakittiotbasi@gmail.com поштамызға жіберсеңіз болады.
Басқа тілдегі құжаттар да қабылданады. Мүмкіндік болса, аударып xалықтың пайдасына ұсынамыз.

Осы жоба аясында баспа үйлерімен де келісімдеріміз жүріп жатыр. Келісе алған баспаларымыздың отбасылық тақырыптағы кітаптарын бізден ыңғайлы бағаға ала аласыздар.
Онда біз бастадық. Сіздердің қолдауларыңызды күтеміз!

#бақыттыотбасы #балатәрбиесі #жұбайлар_жарасымы #жар_таңдау #үйболуоңай #бо_кітапxанасы #Елжас_Ертайұлы_кеңесші



561 рет оқылды    08-02-2017