+7(707) 37 19 019
Меню

ЕШ КЕМШІЛІКСІЗ ӘЙЕЛ

...

Өмір бойы үйленбеген бір қарт кісі болыпты. Ол 90 жасқа келіп көз жұмайын деп жатқан кезде, одан біреу:

— Сен осы жасыңа дейін үйленген жоқсың. Бірақ, үйленбеуіңнің себебін ешкімге айтпаған екенсің. Ең болмаса қазір, өмірден өтпей тұрып, мына бізге, ешкімге ашпаған сырыңды ашшы, - деп сұрапты.

— Иә, әлі ешкімге ашпаған сырым бар. Өйткеніі, мен өміріңнің соңына дейін «Еш кемшіліксіз — Әйел» іздеумен өттім. Міне, осылайша өмірден де өтіп барамын...

— Сонда, Миллиондаған әйелдер арасынан, өзіңе лайықты әйелді таба алмадың ба?

Көзі жасқа толған қарт кісі былай деп сөзін жалғады:

— Жоқ. Өзіме лайықты, еш кемшіліксіз әйел таптым. Бірақ, ол әйел де өзіне лайықты, еш кемшіліксіз ер-адам іздеген екен...



1290 рет оқылды    07-08-2018