+7(707) 37 19 019
Меню

Өтірікші ана

...

Сегіз жасар қыз-баланың анасы қайтыс болды. Әкесі 2 жыл өтпестен, басқа келіншекке үйленді. Бір күні әкесі қызынан:
— Қызым, сенің бұрынғы анаң мен қазіргі анаңның қандай айырмашылығы бар екен? — деп сұрады. Қызы:
— Бұрынғы анам өтірікші, қазіргі анам шыншыл екен, — деді. Ал Әкесі:
— Қалайша? — деп таңдана сұрады.
— Бұрынғы Анамды ренжітсем, ол маған: «Сен мені өкпелете берсең, саған тамақ бермеймін!» дейтін еді. Мен одан сайын ренжіте беретінмін. Ал, ол болса, мені ауылды шарлап іздеп жүріп, тауып әкеліп, тамақ жегізетін. Ал қазіргі анамды ренжітсем: «Егер мені ренжітсең, тамақ бермеймін» дейді. Сондықтан, екі күн бойы аш отырмын. Бұрынғы анам: «Енді жылама, жыласаң, далаға лақтырып жіберемін» дейтін еді, бірақ мен еркелеп жылай беретінмін. Анам мені ұрмай-соқпай, бауырына басып: «Жылама, қай жерің ауырады, кім тиісті?» деп жұбатып алатын еді. Қазіргі анам: «Ұрамын» дейді де шынымен ұрады. Бұрынғы анам үнемі өз ыдысындағы етті маған беретін еді. «Сіз неге жемейсіз?» дегенімде, ол кісі: «Жаным, мен етті жақсы көрмеймін» дейтін еді. Ал қазіргі анама: «Менің ыдысымда неге ет жоқ?» десем «Көп сөйлемей, берген тамақты іш. Барлық адам етті жақсы көреді. Еттің бәрін сен жесең, біз не жейміз?» дейді.. Әке, бұрынғы Aнам бәрін өтірік айтқан екен. Oл да етті жақсы көретін сияқты ғой, иә? Әке, неге жылап отырсыз? Жыламаңызшы.



4341 рет оқылды    19-09-2017