+7(707) 37 19 019
Меню

Мен күйеуіммен ажырасқым келеді

...

- Мен күйеуіммен ажырасқым келеді, деді ол, - оған барынша ауыр болғанын қалаймын.
- Ондай жағдайда, - психолог былай деп кеңес берді, - оған күнделікті мақтау сөз айтып тұруды бастаңыз. Сонда ол өзін жақсы сезіне бастайды, сіздің сеніміңізге ие болғанын сезінеді. Ол сіздің оған керектігіңізді түсінеді, сіздің сүйетініңізге көзі жетеді. Дәл сол кезде ажырасуға арыз беріңіз. Міне, оған солай ауырлық жасай аласыз.

Бірнеше айдан кейін әйел психологқа келіп тура ол кісі айтқандай жасағанын айтты.

- Керемет! Енді ажырасуға арыз жаза беріңіз.
- Қайдағы арыз?- деді әйел таңырқап. - Ешқашан! Мен оны сүйем!



3625 рет оқылды    08-09-2017