+7(707) 37 19 019
Меню

Әйел алсаң, таңдап ал!

...

Әйел алмақ болсаң егер, қарарсың,
Жіті бағып таңдаулысын аларсың!

Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы,
Пәк, ұятты, болсын жанның тұнығы.

Дұрыс үйдің қызын ал, қол тимеген,
Сенен өзге еркек жүзін көрмеген.

Сені сүйіп, басқа жанды білмесін,
Жаман, тексіз қылық істеп жүрмесін.

Тегі өзіңнен төмен қызды аларсың,
Асыл текке өзің құл боп қаларсың.

«Түзігін ал, алсаң – тегі төменін,
Сүйінішпен өтер дәурен – көрерің!

Көркін емес, ізгі құлқын қаларсың,
Жақсы болса құлқы – жайнап, жанарсың!»

Өз теңіңді ал, алсаң – қатын алмағын,
Ердің ері, ей, тақуасын таңдағын.

Көркін қуып, алма қылқы кемісті,
Құлқы жақсы болса – кемел, келісті!

Сұлуқүмар, сұлуды аңсап сор қума,
Қызыл жүзді сарғайтпа һәм қор қылма.

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»



5489 рет оқылды    26-08-2017