+7(707) 37 19 019
Меню

"Жігітіңді бір түнге бере тұрш!"

...

Есіме түсіп кетті. Былтыр ма еді, бір құрбым өзінің "судай жаңа" жігітімен таныстырды.

Басында екеуіміз ғана шай ішіп, аман-саулық білісіп отырған едік. Бір-екі сағаттан соң, ол құрбымды алып кетуге келді. Біздің болса, әңгімеміз таусылар емес. Жігіттің түсінігі бар екен. Өзінше болып, жынданып, мінез көрсетпеді. Отырды. Таныстық. Әңгімелестік. Кейін, жігіт қолын жууға ма, темекі шегуге ме, есімде жоқ, дастархан басынан тұрып кетті. Ол кетісімен құрбым "Қалай саған?", "Жақсы жігіт па, норм ба?" деп "қызық-қызық" сұрақтар қойды. Негізі құрбым өте #жақсықыз . Адамды да өзі тани алатын сияқты еді. Менің пікірімнің ол жерде қажеті қанша, сөздің шыны керек, түсінбедім. Ер адам кір жуғыш машинка болса, мейлі. Иә, осы марка жаман не жақсы деп турасынан айта қоятын. Ол - адам ғой)))) Танысып отырғанымыз осы жаңа. Әрине адамды бес минут ішінде білуге болады дер, білгіштер. Бірақ бірінші қарағанда адекватты, жап-жақсы жігіт. Қалай болғанда да, мен онымен жарты сағат әңгімелесіп, оның норм әлде норм емес екендігін айта алмас едім. Және менің пікірімдегі "норм", басқа үшін "норм" болады ма?

Құрбыма қарап отырып: "Жігітіңді бір түнге бере тұрш!" дедім. Ол аң-таң. "Не үшін?" Құдайым-ау, жігітпен бір түн бойы бірге не үшін болатынымды дәкөөөй қызға түсіндіріп отырғаным.... Турасын айттым. Барлық жағынан сынауым қажет емес пе ?Құрбым сасып қалды. Бірақ әзілімнен гөрі зілім өтті.

Біздің #жақсықыз - дардың логикасы қызық. Кейде жігітті өздерінің талғамына сай емес, қоғамның, құрбыларының, қызметтес достарының, одан қалды көрші-қолаң, тағы басқалардың талғамымен таңдайды. Өз пікірі жоқ деуден аулықпын. Бірақ істеріне қарасаң, солай.

Жігіт - шопыр. Мамааа, шопыр жігітті достарыма қалай таныстырамын, ұят. Жігіттің үйі жоқ. Мамааа, құрбыларымнан ұят. Жігіт - күзетші. Әріптестеріммен бірге баратын отырыста, оның күзетші екендігін, мамааа, қалай айтамын? Жігіттің машинасы жоқ. Мамааа, ұят. Ұят! Кімнен? Сен өзі кімді жақсы көріп жүрсің? Әлде нені? Жігітті ме? Әлде оның әлеуметтік жағдайын, қызметін, қалтасын? Сен бүгін таныс, ертең маңайынан табылмайтын біреулердің ойымен сүйіп, солардың талғамымен отбасы құрмақпысың?

Сүйген адамдар сүйіктілеріне шаң жуытпайды. Керісінше, біреу келіп, "қойш, жігітң күзетші ме?" деп сұрап қалса, "иә, күзетші. За то өте иманды, мейірімді, адал, тапқанын тиынына дейін үйге әкелетін керемет жан!" деп неге мақтамасқа, Біз болсақ, ұялып қуыстана түсеміз. Ешкім сұрамай жатып. Бұлай ешкім сұрамайды да. Бірақ өзіміз соған алдын ала уайымдап, алдын ала біреулерден ұялып тұрамыз. Кешір, бірақ нефтяной магнат, миллиардер саған кезіге қалса да, дәл осы қарапайым жігіттей сені сүйіп, алақанына салып, аялай алар ма екен?! Барымызды бағалайық, қыздар. Атақтың емес, адамның қадірін білейік!

Клара Ермагамбетова
Facebook-тегі парақшасынан



11710 рет оқылды    18-08-2017