+7(707) 37 19 019
Меню

БАЛАЛАР - БОЛАШАҒЫМЫЗ!

...

«БАЛАЛАР - БОЛАШАҒЫМЫЗ!» атты семинарымыз 3 бөлімнен тұрады. Семинардың жалпы мазмұны – қоғамда қалыптасқан қате түсініктер. Нақтырақ айтар болсақ, төмендегі сұрақтарға жауап ізделеді:
- «Бала тәрбиесі» ұғымын дұрыс түсініп жүрміз бе?
- Тәрбиенің мақсаты не? Қандай жеміске қол жеткізгіміз келеді?
- «Бақытты баланың» анықтамасын білесіз бе?
- Бала неге «қырсық» болады?
- «Жыламайтын», «тәртіпті» баланы жақсы көресіз бе?
- «Теңдік» ұғымын қалай түсінесіз?
- «Күштеп тәрбиелеуді» қолдайсыз ба?
- «Мінсіз бала» қандай болады?
- «Ел не дейді?» ұғымы сізді мазалайды ма?
- «Бақытсыз баланың» анықтамасын білесіз бе?
- «Сезімтал энергия» деген ұғым сізге таныс па?
- Бала «еркелегенде» шектен шықпауы үшін не істеуіміз керек?
- Бала неге «ерке» болады?
- Өзіне сенімді баланы қалай тәрбиелеуге болады?
- Балаға сенім не үшін қажет?
- Бала неге өтірік айтады? Қалай алдын ала аламыз?
- «Баланың бауыр басу» ұғымы сізге таныс па? Ол не үшін қажет?
- Баланы дұрыс тыңдауды білеміз бе?
- Баланың ойын қалай жинақтасақ болады? (Концентрация)
- Балаға қалай әсер ете аламыз?
- Балаға көмектесудің шегін білеміз бе?
- Балаға мүмкіндік жасауда шектен шығып жүрген жоқпыз ба?
- Қайтарым күту дұрыс па?
- «Жазасыз тәрбие» ұғымын қолдайсыз ба?
- Сіз «күшті» ата-анасыз ба?
- Бала тәрбиесінде «мақтаншақ» ата-ананың қандай зияндары бар?
- «Өзімшіл» ата-ана қандай болады?
- Балаңыздың сезімдерін басқаруға тырысасыз ба?
- Балаңызға жиі ренжисіз бе?
- Баламен дұрыс байланыс орнатудың жолдарын білесіз бе?
- Көңіл бөлінбеген бала қандай болады?
- Баланы «тергеу» дұрыс па?
- Балаңыздың «қорқақ» болуын қалайсыз ба?
- Балалар неге бір-бірімен таласа береді? Не істеуіміз қажет?
- Баладағы «тәуелсіздік» ұғымы қалай болуы керек?
- Баланың ерік күшін қалай күшейтеміз?
Осы сұрақтардың жауабын бір күндік семинарымзда қарастыруды ұсынамыз.
1 КҮНДІК семинардың кестесі:
10.00 – 11.30: 1-бөлім.
11.30 – 11.45: Кофе брейк.
11.45 – 13.15: 2-бөлім.
13.15 – 14.00: Түскі ас.
14.00 – 15.30: 3-бөлім.
15.30 – 16.00: Сертификат табыстау.
16.00 – 17.00: Жеке сұрақтарға жауап беру.

Қосымша:
1-) Кофе брейк пен түскі ас «Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы тарапынан беріледі.
2-) Мекемелер (мектеп, балабақша, колледж, білім беру орталықтары, университет, ұйымдар, қорлар, бірлестіктер т.б. ) тарапынан арныйы тапсырыс болған жағдайда семинарымызды өткізе аламыз.
3-) Жеке тұлғалар да ұйымдастыра алады. Ең бастысы, біздің талаптарымызды орындай алуы керек.
4-) Семинардың бағасы: Жеке адамға - 8000 тг. Жұбайымен бірге – 12000 тг.

Толық ақпарат және тапсырыс беру: 8-707-37-19-019.

Күні Сағаты Қаласы Тақырыбы Аудитория Бағасы
07.05.2017 10.00 - 17.00 Астана БАЛАЛАР - БОЛАШАҒЫМЫЗ! Ата-аналар мен БОЛАШАҚ ата-аналар 8000 - 12000